• Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы,19А шағынаудан , 1/1 ғимарат
  • Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
    Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30
    Дүйсенбі - демалыс

Кітап көрмелер

"Бір өлке-бір тұлға"- 2023: Өлкетанушы, географ, публицист, этнограф, ғалым - Серікбол Қондыбай

Облыстық кітапханасының өлкетану залында "Қазақ рухының символы" атты кітап көрмесі өз жұмысын бастады! 

Биыл "Бір өлке -бір тұлға"-2023  өлкетану акциясы -  әдебиеттерін насихаттау бойынша Өлкетанушы, географ, публицист, этнограф ғалым - Серікбол Қондыбай шығармалары таңдалды.

Серікбол Әділбекұлы Қондыбай Маңғыстаудың Қарақия ауданы, Құрық кентінде 1968 жылы 14 наурызда дүниеге келген. 1991 жылы Қазақ ұлттық университетін бітіріп, 1991 – 1997 жылдар аралығында Маңғыстау, Үстірт мұражай-қорығында, облыстық экология және биоресурстар басқармасында қызметкер, орта мектепте мұғалім, өлкетану, туризм, ландшафт эстетикасы мәселелері саласында зерттеу жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар байырғы қазақ шежіресі мен әфсана аңыздары, географиясы тұрғысында мағлұматтар жинастырып, бірнеше кітап жазған ғалым. Ғалымның «Маңғыстау географиясы», «Қазақ мифологиясына кіріспе» (1997), «Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары» (2000), «Есен-қазақ» (2002), «Гиперборея: түс көрген заман шежіресі» (2003), «Арғықазақ мифологиясы» (2004), «Эстетика ландшафтов Мангистау» (2005), «Маңғыстаунама» (2006), «Қазақ даласы және герман тәңірлері» (2006), «Жауынгерлік рух кітабы» (2006) сынды зерттеу еңбектері бар.

Серікбол Қондыбай Әділбекұлы  аз ғұмырында артына өшпес мұра қалдырған ғалым. «Қазақ мифологиясы» атты жаңа ғылымның ірге тасын қалаған ерекше дарын иесі шалғайдағы Шетпе кентінде он жылға жуық төсекке таңылып жатып, ғылыми ортаны елең еткізер оннан астам кітап жазды.

Құрметті оқырмандар, кітап сүйер қауым! Сіздерді "Маңғыстаудың таңдаулы тұлғасы - 2023" облыстық акцияға ұсынылған С.Қондыбай шығармаларын оқуға шақырамыз.

Өлкетану залында "Қазақ рухының символы" атты кітап көрмені тамашалауға шақырамыз! 

: 16:19  


Кітапханамыздың өнер бөлімінде қазақ театры мен киноның тұңғыш суретшісі Құлахмет Қожықовтың туғанына 105 жыл толуына арналған кітап көрмесі ...

Жаңалыққа өту  

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің абонемент бөлімінде қазақтың көрнекті жазушысы Бейімбет Майлиннің туғанына 125 жыл толуына орай "Көркем сөздің ...

Жаңалыққа өту  

21 қараша күні кітапханамыздың балалар бөлімінде балалар ақыны М. Жаманбалиновтың туғанына 95 жыл толуына орай "Бар жақсысын балаларға арнаған" кітап ...

Жаңалыққа өту  

"Бір ел-бір кітап" - 2019  республикалық акциясы аясында  Әбділда Тәжібаевтың поэзиясы мен жазушы Әбіш Кекілбаевтың шығармаларын оқуға ұсынамыз. ...

Жаңалыққа өту  

Кітапханамыздың жасөспірім бөлімінде "Жастықтың аты арындап, Тас қияға өрледің..." атты кітап көрмесі өз жұмысын жалғасуда. ...

Жаңалыққа өту  

Оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің абонемент бөлімінде халық жазушысы  Әбдіжаміл Нұрпейісовтың туғанына 95 жас толуына орай "Жүрегі уақытпен қатар ...

Жаңалыққа өту  

2019 жылдың қазан, қараша айларында кітапханамыздың абонемент бөліміне келген жаңа кітаптары.  ...

Жаңалыққа өту  

Кітапханамыздың өнер бөлімінде "Оқуға ұсынамыз" және Қазақстан Композиторлар Одағына 80 жыл толуына арналған "Музыка әлемінде" атты кітап кормелер ...

Жаңалыққа өту  

2020 жылы ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер  Абай ...

Жаңалыққа өту  

Ұлт дәстүрін жалғастырудан жалықпаған, өзінің үлгілі жырларымен ұлт тәрбиесіне араласа білген тума таланттардың бірі – СҮГІР ЖЫРАУ ...

Жаңалыққа өту  

БАЙЛАНЫС ТЕЛЕФОНЫ

+7 (7292) 30 31 13

ЖҰМЫС УАҚЫТЫ

Сейсенбі - Жұма: 09:00-18:30
Сенбі - Жексенбі: 10:00-18:30

Дүйсенбі - демалыс

Әмбебап кітапхана қызметін пайдалану ережесі

Оқып шығу